«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде медициналық және санаторлық-курорттық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы» № 536 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1970 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде» жарияланған, 2002 жыл, № 39) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Тыл департаменті (А.Ж. Әбдірашитов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Баймағанбетов