"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың алдағы көтерілуі туралы реттеуші органға хабарлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 232-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаментіне (Е.О. Есіркепов):
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Алдабергенов