Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер" заңының 43-1-бабына және ескірген құқық нормаларының Қазақстан Республикасы заңнамалықтарына қайшылығын айқындау мақсатына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасының келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
- "1:200 000 масштабындағы Қазақстанның мемлекеттік гидрогеологиялық карталары геоэкологиялық зерттеулерге гидрогеологиялық жете зерттеулер және бұрын түсіріліп алынған карта құрастыру парақтары және 1:50 000 масштабында геолого-экологиялық және карта құрастыру жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 01 желтоқсандағы N 157-Ө;
- "Жер асты суларына мемлекеттік бақылау мониторингі пункттерін жою және консервациялау (қайта консервациялау) Нұсқаулығын бекіту туралы" 2004 жылғы 01 желтоқсандағы N 158-Ө;
- "Қазақстан Республикасының ластанған жер асты сулары учаскелерінде Мемлекеттік кадастрды енгізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 09 желтоқсандағы N 21-Ө;
- "Жер асты сулары, емдік саз қорларын пайдалануды есепке алу және Қазақстан Республикасында Мемлекеттік баланстар құрастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 22 маусымдағы N 168-Ө;
- "Жеке және заңды тұлғаларға жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттарды алу тәртібін және талаптарын анықтау бойынша Ережені бекіту туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 156-Ө.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Е.Кәрібаевқа жүктелсін.
Төраға Б. Өжкенов
Іске, Басқарма бастықтарына, РГАО-на * таратылсын
орын. Ж. Қамбарова