Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 213 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 12 наурыздағы № 114 Бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 213 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2804 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 21-24, 926-құжат).».
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев), Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (И.Ө. Сағындықов) осы бұйрықты жоғары оқу орындары мен облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          М. Сарыбеков

О признании утратившим силу приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 марта 2004 года № 213

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 марта 2010 года № 114

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 марта 2004 года № 213 "Об утверждении Правил организации и проведения единого национального тестирования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 2804, опубликован в Бюллетене нормативно-правовых актов Республики Казахстан, 2004 г. № 21-24, ст. 926).
      2. Комитету по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Калабаев Н.Б.) довести настоящий приказ до сведения Министерства юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту высшего и послевузовского образования (Омирбаев С.М.), Департаменту дошкольного и среднего образования (Аршабеков Н.Р.) и Национальному центру тестирования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Сагиндиков И.У.) довести настоящий приказ до сведения высших учебных заведений и областных, городов Астаны и Алматы управлений образования.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      И.о. Министра                              М. Сарыбеков