"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысының қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру, сыйақы төлеу және өтеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы № 171 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1896 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2002 жылы № 45-46 жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Монетарлық операциялар департаменті (Біртанов Е.А.):
1) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қаулының күші жойылды деп тану туралы хабарласын;
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына. "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко