«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 169/28-IV «Бір жолғы талондардың бағасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 9 қаңтарда № 555 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 6 «Астана ақшамы», 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 8 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы Э.Суханбердиева
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы С.Есілов