«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы № 82/10-V «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесі туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 30 қарашада № 751 болып тіркелді, 2012 жылғы 1 желтоқсандағы № 136-137 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 1 желтоқсандағы № 142-143 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оны қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы В. Досаев