Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 197-183 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 наурызда № 716 тіркелді, 2012 жылғы 16 ақпандағы № 19 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 16 ақпандағы № 19 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
Әкім И.Тасмағамбетов