Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 111-1076 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2012 жылғы 13 тамызда № 741 нормативтік құқықтық актілер тіркелімінде тіркелген, 2012 жылғы 18 тамыздағы № 92 (2853) «Астана ақшамы» және 2012 жылғы 18 тамыздағы № 98 (2863) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
2. «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.
Әкімнің міндетін атқарушы С.Хорошун