"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің жүргізуші куәліктерін есепке алудың, сақтаудың және берудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 248 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 11 сәуірде № 1458 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымов