«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту жөніндегі шешім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 7 тамыздағы № 336 бұйрығының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 134 (1731) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов