БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орталық аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 11-1/187 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 18 сәуірде № 9343 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Ж.Е. Аманбаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апта мерзімінде жолдасын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А.Мамытбеков