«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 457 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8177 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 23 ақпандағы, 2013 жылғы 26 ақпандағы № 69-70, 71-72 (27343-27344, 27345-27346) және «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 ақпандағы, № 74 (28013) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Байланыс және ақпараттандыру саласындағы бақылау департаменті (Р.К. Абдикаликов):
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет бір апта мерзімінде жолдасын;
2) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Д.В. Голобурдаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. Жұмағалиев