«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 167 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 9 сәуірде № 8444 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 20 қараша № 257 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілсін.
3. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Т.Дүйсенова