Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
1. "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заңның 12-бабы осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған құқықтық қатынастарға да қолданылады деп белгiленсiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақ КСР-iндегi шетелдiк инвестициялар туралы" 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 50., 473-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 308-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат);
"Қазақ КСР-iндегi шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақ КСР Заңын күшiне енгiзу туралы" 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 50, 474-құжат).
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- 1995 жылғы 1 наурызға дейiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне "Шетелдiк инвестицияларға байланысты шарттар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбi туралы" Заңның жобасын табыс етсiн;
- 1995 жылғы 1 наурызға дейiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң құжаттарын "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын табыс етсiн;
1995 жылғы 1 ақпанға дейiн:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Заңға сәйкес келтiрсiн;
- Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының осы Заңға қайшы келетiн өз қалыпты құжаттарын қайта қарауын және олардың күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Экономикалық реформа жөнiндегi комитетiне "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына және осы Қаулыда көзделген шаралардың iске асырылу барысында бақылау жасауды қамтамасыз ету тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы