2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 22 қазандағы № 5 өкімі

      1. Қоса беріліп отырған 2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспар бекітілсін (бұдан әрі - Жоспар).
      2. Орталық, жергілікті атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың бірінші басшылары:
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне белгіленген мерзімдерде Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаевқа жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы                   Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының
2015 жылғы 22 қазандағы
№ 5 өкімімен   
БЕКІТІЛГЕН    

2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді
мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы
қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету
жүйесін жаңғырту жөніндегі
ЖОСПАР

Шара атауы

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

Аяқталу нысаны

Бақылау

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

1. МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР САЛАСЫНДАҒЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР

1.

Әділет, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдерін, қоғам қайраткерлерін геральдика, тарих, құқық, бейнелеу өнері, өлкетану салаларындағы ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен МСМ жанындағы мемлекеттік рәміздер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру

2015 ж., 2-ші желтоқсанға

МСМ, ӘдМ, СІМ, ИДМ, ҚМ

МСМ бұйрығы; ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

қаржыландыру талап етілмейді

2.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын қабылдау жөніндегі шараларды іске асыру

2015 ж., 2-ші желтоқсанға

МСМ

Конституциялық заң жобасы; ПӘ-ге ақпарат

ІСБ, МҚБ

қаржыландыру талап етілмейді

3.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысын қабылдау жөніндегі шараларды іске асыру

2015 ж., 2-ші желтоқсанға

МСМ

қаулы жобасы; ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

қаржыландыру талап етілмейді

4.

Мәдениет және спорт министрлігінде қолданыстағы штат саны мен бекітілген лимит шеңберінде мемлекеттік рәміздер саласындағы жұмысты үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімше (геральдикалық қызмет) құруды қамтамасыз ету

2016 ж., 1-ші наурызға дейін

МСМ

бұйрық; ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

қаржыландыру талап етілмейді

2. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ІС-ШАРАЛАР

5.

Елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың нышандарының қолданылу практикасына талдау жүргізу

2016 ж., 1-ші наурызға

МСМ, ЖАО

ПӘ-ге талдамалық анықтама

ІСБ

қаржыландыру талап етілмейді

6.

Елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың нышандарының қолданылу практикасына талдау жүргізу бойынша жұмыстың қорытындысын Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның қарауына енгізу

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы

МСМ

2016 ж., 10-шы шілдеге, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

қаржыландыру талап етілмейді

7.

Мемлекеттік органдардың 2017-2018 жылдарға арналған елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын әзірлеп, бекіту практикасын нормативтік реттеуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту

2016 жылдың екінші жартыжылдығы

МСМ

Іс-қимыл жоспары; 2016 ж., 20-шы желтоқсанға, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

қаржыландыру талап етілмейді

8.

Мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселелері жөнінде білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері үшін оқыту семинарларын өткізу

жыл сайын

МСМ, БҒМ, ЖАО

2016 ж., 20-шы желтоқсанға, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

көзделген қаражат шегінде

9.

ҚР мемлекеттік рәміздері мен елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандары ретінде қолданылатын геральдикалық белгілердің, салалық нышандардың қолданылуы жөнінде әдістемелік құрал әзірлеу

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы

МСМ, БҒМ, ЖАО

әдістемелік құралдар; 2016 ж., 10-шы шілдеге ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

017 «Ішкі саяси тұрақтылықты, қазақстандық патриотизмді, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды қамтамасыз ету», 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік, ішкі саясатты және діни қызметті іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламалары бойынша көзделген қаражат шегінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен

10.

Мемлекеттік қызметшілерге арналған Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген төсбелгі нобайын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының қарауына енгізу

2016 ж., 1-ші ақпанға

МСМ, МҚІЖҚА, ҚМ, ҰЭМ

ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

қаржыландыру талап етілмейді

11.

Қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу жөніндегі әлеуметтік зерттеулер шеңберінде халық арасында азаматтардың ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен қолданылу тәртібін білуі деңгейін айқындау мәселелері бойынша сауалнама жүргізу

жылына 2 рет

МСМ

2016 ж., 10 шілдеге және 20 желтоқсанға, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

001 «Мәдениет, спорт және дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

3. АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

12.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік рәміздерді қолдану қағидалары туралы әлеуметтік роликтер әзірлеу, оларды БАҚ-та орналастыруды қамтамасыз ету

дайындық – бірінші жартыжылдық; орналастыру – тұрақты түрде

ИДМ, МСМ

2016 ж., 10 шілдеге және 20 желтоқсанға, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

031 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру» және 017 «Ішкі саяси тұрақтылықты, қазақстандық патриотизмді, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша көзделген қаражат шегінде

13.

Мемлекеттік рәміздерді кеңінен танымал етуге бағытталған имидждік іс-шаралар өткізу

тұрақты

МСМ (жинақтау), ЖАО

2016 ж., 10 шілдеге және 20 желтоқсанға, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ, МБАҰЖБ

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік, ішкі саясатты және діни қызметті іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

14.

Білім беру ұйымдарының оқушылары арасында мемлекеттік рәміздерді кеңінен танымал ету жөнінде іс-шаралар өткізу (викториналар, олимпиадалар және т.б.)

жыл сайын

БҒМ, ЖАО

2016 ж., 20 желтоқсанға, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

көзделген қаражат шегінде

15.

Мұражайларда тұрақты түрде мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы экспозициялар құру

2016 ж., І тоқсан

МСМ

мұражайлардағы экспозициялар; 2016 ж., 10 сәуірге, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

033 «Мәдениет пен өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу әрі кеңінен танымал ету және мұрағат ісін іске асырудың тиімділігін көтеру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

16.

Мемлекеттік рәміздер күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында көшелер мен алаңдарда мемлекеттік рәміздер туралы фотокөрмелер жабдықтау

жыл сайын

МСМ (жинақтау), ЖАО

2016 ж.,  25 маусымға, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік, ішкі саясатты және діни қызметті іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

17.

МСМ интернет-ресурсында мемлекеттік рәміздерге арналған айдар ашу (мемлекеттік рәміздердің тарихы, оларды қолдану практикасы туралы, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың қолданылуы бойынша түсініктемелер бере отырып ол туралы және т.б. ақпарат)

2016 ж., ІІ тоқсан

МСМ, ИДМ

МСМ интернет-ресурсындағы айдар; 2016 ж., 10 шілдеге, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

қаржыландыру талап етілмейді

18.

Республикалық телеарналарда мемлекеттік рәміздер және олардың қолданылу қағидалары бойынша бағдарламалар циклы мен хабарлар ұйымдастыру

тұрақты

ИДМ, МСМ

2016 ж., 25 желтоқсанға, ПӘ-ге ақпарат

ІСБ

087 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

Ескерту: аббревиатуралардың жазылуы:

ӘдМ – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ҚМ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МБАҰЖБ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі
МҚБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі
МҚІЖҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігі
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ПӘ– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ІСБ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі

Об утверждении Плана по модернизации системы использования и продвижения государственных символов, символики населенных пунктов, городов, районов, гг. Астаны и Алматы, областей на 2015-2016 годы

Распоряжение Государственного секретаря Республики Казахстан от 22 октября 2015 года № 5

      1. Утвердить прилагаемый План по модернизации системы использования и продвижения государственных символов, символики населенных пунктов, городов, районов, гг. Астаны и Алматы, областей на 2015-2016 годы (далее - План).
      2. Первым руководителям центральных, местных исполнительных и иных государственных органов:
      1) обеспечить своевременное выполнение мероприятий, предусмотренных Планом;
      2) представить в установленные сроки в Администрацию Президента Республики Казахстан информацию о ходе выполнения мероприятий, предусмотренных Планом.
      3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на заместителя Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан Майлыбаева Б. А.

      Государственный секретарь
      Республики Казахстан                       Г. Абдыкаликова

УТВЕРЖДЕН          
распоряжением Государственного
секретаря Республики Казахстан
от 22 октября 2015 года № 5

                                ПЛАН
      по модернизации системы использования и продвижения
     государственных символов, символики населенных пунктов,
       городов, районов, гг. Астаны и Алматы, областей на
                            2015-2016 годы

Наименование
мероприятия

Срок
исполнения

Ответственные

Форма
завершения

Контроль

Объем
финансирования
(тыс.тенге)

1

2

3

4

5

6

7

1. МЕРОПРИЯТИЯ ПО СОВЕРШЕНСТВОВАНИЮ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ И НОРМАТИВНОЙ ПРАВОВОЙ БАЗЫ В СФЕРЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СИМВОЛОВ

1.

Создать экспертный совет по вопросам государственных символов при МКС с участием представителей министерств юстиции, иностранных дел, общественных деятелей, ученых и экспертов в области геральдики, истории, права, изобразительного искусства, краеведения

к 2 декабря 2015 г.

МКС, МЮ, МИД, МИР, МФ

приказ МКС;

информация в АП

ОВП

финансирование не требуется

2.

Реализовать меры по принятию Конституционного закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан «О государственных символах Республики Казахстан»

к 2 декабря 2015 г.

МКС

проект Конституционного закона;

информация в АП

ОВП, ГПО

финансирование не требуется

3.

Реализовать меры по принятию постановления «О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2007 года № 873 «Об утверждении Правил размещения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан и их изображений, а также текста Государственного Гимна Республики Казахстан»

к 2 декабря 2015 г.

МКС

проект постановления;

информация в АП

ОВП

финансирование не требуется

4.

Обеспечить создание в МКС структурного подразделения (геральдической службы), ответственного за координацию работы в сфере государственных символов в рамках действующей штатной численности и пределах утвержденного лимита

до 1 марта 2016 г.

МКС

приказ;

информация в АП

ОВП

финансирование не требуется

2. ОРГАНИЗАЦИОННЫЕ И МЕТОДИЧЕСКИЕ МЕРОПРИЯТИЯ

5.

Провести анализ практики применения символики населенных пунктов, городов, районов, гг. Астаны и Алматы, областей

к 1 марта 2016 г.

МКС, МИО

аналитическая справка в АП

ОВП

финансирование не требуется

6.

Внести на рассмотрение Республиканской комиссии по государственным символам результаты работы по проведению анализа практики использования символики населенных пунктов, городов, районов, гг. Астаны и Алматы, областей

первое полугодие 2016 г.

МКС

информация в АП к 10 июля 2016 г.

ОВП

финансирование не требуется

7.

Разработать и утвердить план действий государственных органов по обеспечению нормативного регулирования практики разработки и утверждения символики населенных пунктов, городов, районов, гг. Астаны и Алматы, областей на 2017-2018 гг.

второе полугодие 2016 г.

МКС

план действий;

информация в АП к 20 декабря 2016 г.

ОВП

финансирование не требуется

8.

Провести обучающие семинары для руководителей и педагогов организаций образования по вопросам использования государственных символов

ежегодно

МКС, МОН, МИО

информация в АП к 20 декабря 2016 г.

ОВП

в пределах предусмотренных средств

9.

Разработать методические рекомендации по использованию государственных символов РК и геральдических знаков, используемых в качестве символики населенных пунктов, городов, районов, гг. Астаны и Алматы, областей, отраслевых символов

первое полугодие 2016 г.

МКС, МОН, МИО

методическое пособие;

информация в АП к 10 июля 2016 г.

ОВП

в пределах предусмотренных средств по бюджетным программам 017 «Обеспечение внутриполитической стабильности, укрепление казахстанского патриотизма, взаимоотношение институтов гражданского общества и государства», 001 «Услуги по реализации государственной, внутренней политики и религиозной деятельности на местном уровне» за счет средств местного бюджета

10.

Разработать эскизы нагрудных знаков с изображением Герба Республики Казахстан для государственных служащих и внести на рассмотрение Государственному секретарю РК

к 1 февраля 2016 г.

МКС, АДГСПК, МФ, МНЭ

информация в АП

ОВП

финансирование не требуется

11.

В рамках социологических исследований по изучению общественно-политической ситуации проводить опросы населения по вопросам определения уровня знаний гражданами истории и порядка использования государственных символов РК

2 раза в год

МКС

информация в АП к 10 июля и 20 декабря 2016 г.

ОВП

в пределах предусмотренных средств по бюджетной программе 001 «Формирование государственной политики в сфере культуры, спорта и религий»

3. ИНФОРМАЦИОННОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ

12.

Подготовить социальные ролики о правилах использования государственных символов на казахском и русском языках, обеспечить их размещение в СМИ

подготовка – первое полугодие; размещение – на постоянной основе

МИР, МКС

информация в АП к 10 июля и 20 декабря 2016 г.

ОВП

в пределах предусмотренных средств по бюджетным программам 031 «Реализация государственной информационной политики» и 017 «Обеспечение внутриполитической стабильности, укрепление казахстанского патриотизма, взаимоотношение институтов гражданского общества и государства»

13.

Проводить имиджевые мероприятия, направленные на популяризацию государственных символов

постоянно

МКС (свод), МИО

информация в АП к 10 июля и 20 декабря 2016 г.

ОВП, ОГКиОТР

в пределах предусмотренных средств по бюджетной программе 001 «Услуги по реализации государственной, внутренней политики и религиозной деятельности на местном уровне» за счет средств местного бюджета

14.

Проводить мероприятия (викторины, олимпиады и др.) по популяризации государственных символов среди учащихся организаций образования

ежегодно

МОН, МИО

информация в АП к 20 декабря 2016 г.

ОВП

в пределах предусмотренных средств

15.

Создать в музеях постоянные экспозиции об истории государственных символов

І квартал 2016 г.

МКС

экспозиции в музеях;

информация в АП к 10 апреля 2016 г.

ОВП

в пределах предусмотренных средств по бюджетной программе 033 «Повышение конкурентоспособности сферы культуры и искусства, сохранение, изучение и популяризация казахстанского культурного наследия и повышение эффективности реализации архивного дела»

16.

Оборудовать фотовыставки на улицах и площадях о государственных символах в День государственных символов под эгидой
25-летия Независимости РК

ежегодно

МКС (свод), МИО

информация в АП к 25 июня 2016 г.

ОВП

в пределах предусмотренных средств по бюджетной программе 001 «Услуги по реализации государственной, внутренней политики и религиозной деятельности на местном уровне» за счет средств местного бюджета

17.

Создать рубрику на интернет-ресурсе МКС, посвященную государственным символам (информация об истории государственных символов, практике их применения, а также законодательство о государственных символах с комментариями по его применению и др.)

ІІ квартал 2016 г.

МКС, МИР

рубрика на интернет-ресурсе МКС;

информация в АП к 10 июля 2016 г.

ОВП

финансирование не требуется

18.

Создать цикл программ и передач на республиканских телеканалах о государственных символах и правилах их применения

постоянно

МИР, МКС

информация в АП к 25 декабря 2016 г.

ОВП

в пределах предусмотренных средств по бюджетной программе 087 «Проведение государственной информационной политики»

      Примечание: расшифровка аббревиатур:
АДГСПК –  Агентство Республики Казахстан по делам государственной
          службы и противодействию коррупции
АП –      Администрация Президента Республики Казахстан
ГПО –     Государственно-правовой отдел Администрации Президента
          Республики Казахстан
МИД –     Министерство иностранных дел Республики Казахстан
МИО –     местные исполнительные органы
МИР –     Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан
МКС –     Министерство культуры и спорта Республики Казахстан
МНЭ –     Министерство национальной экономики Республики Казахстан
МОН –     Министерство образования и науки Республики Казахстан
МФ –      Министерство финансов Республики Казахстан
МЮ –      Министерство юстиции Республики Казахстан
ОВП –     Отдел внутренней политики Администрации Президента
          Республики Казахстан
ОГКиОТР – Отдел государственного контроля и
          организационно-территориальной работы Администрации
          Президента Республики Казахстан