1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Əлеуметтік əріптестік тараптарының өкілетті өкілдері – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан əрі – Министрлік), "Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кəсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі (бұдан əрі – Кəсіподақ), Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, бұдан əрі бірлесіп "тараптар" деп атала отырып, 2017-2019 жылдарға саладағы еңбек жағдайын, жұмыспен қамту жəне əлеуметтік кепіл бойынша Тараптардың мазмұны мен міндеттерін белгілейтін аталған салалық Келісімді (əрі қарай Келісім) жасасты.
2. Осы Салалық Келісім (əрі қарай Келісім) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Кəсіптік одақтар туралы" 2014 жылғы 27 маусымдағы заңына, еңбек құқықтары мен мүдделеріне қатысты басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілеріне жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері жəне жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға жасалған Бас Келісіміне сай жасалды.
3. Осы Келісімнен шығатын Ереже тараптарға міндетті болып табылады, Кəсіподақ филиалдары, ұлттық денсаулық сақтау палатасы мен жергілікті денсаулық сақтау басқармалары арасындағы келісімді жəне денсаулық сақтау ұйымдарында ұжымдық шартты бекіткен жағдайда негіздеме болып, кемітуге немесе қысқартуға жатпайды.
4. Келісім жұмыскерлердің еңбек ақысы, жұмыс тəртібі, негізгі жəне қосымша төленетін еңбек демалысын жəне жұмыскерлерге басқа да облыстық келісімдер мен еңбек жəне ұжымдық шарттармен белгіленген əлеуметтік көмек бөліктерінде жұмыс берушілердің құқығын шектемейді.
5. Осы Келісімнің қолданылуы мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігіне, жұмыс берушілер мен қызметкерлер жəне олардың өкілдері ретінде Ұлттық денсаулық сақтау палатасына жəне Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық Кəсіподағына таратылады.
Кəсіподақ сондай-ақ кəсіподақ мүшелерімен қатар салалық кəсіподаққа мүше емес қызметкерлердің мүдделерін олардың жазбаша өтініштері бойынша көздейді.
6. Қызметкерлер кепілдігін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда төмендететін, жəне осы Келісімге қайшы келетін келісімдер, ұжымдық жəне еңбек шарттары, жұмыс берушілер актілері жарамсыз болып табылады.
7. Осы Келісімнің қолданылу мерзімінде жағдайын жақсартуға қабылданған заңнамалық жəне басқа нормативтік актілер күшіне енген күннен бастап аталған Келісімнің сəйкес пункттерінің қолданылуын кеңейтеді.
8. Келісім Тараптарының бірі қайта құрылған жағдайда, құқықтары мен міндеттемелері заңды мұрагеріне (заңды мирасқорларына) өтеді жəне жаңа Келісім жасалғанша сақталады.
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
9. Саладағы тиімді басқаруды, экономикалық қатынастар мен еңбекақы төлеуді жетілдіру аясында тараптар міндеттенеді:
1) Республика халқына тиімді медициналық көмек көрсету жүйесін құруда Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жыл 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен, денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, сондайақ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сəйкес міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруға.
2) Денсаулық сақтау саласындағы бəсекелестікті, мединалық көмек көрсету жөніндегі тарифтік саясатты дамытуға, мединалық көмек көрсетулер сапасын арттыруға, денсаулық сақтау мəселелері бойынша халықты дұрыс жəне объективті ақпараттармен қамтамасыз етуге жəрдемдесуге.
3) Денсаулық сақтау жүйесіне білім, ғылым жəне инновациялық технологиялар мен медициналық көмектің алдыңғы қатарлы технологияларын трансферттеу бойынша жұмысын əрі қарай жалғастыруға.
4) Министрліктің алқа органдары мен Кəсіподақтың сайланбалы органдарының, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының отырыстарында денсаулық сақтау жүйесіндегі бағдарламалық жəне стратегиялық құжаттарды қарастыруға жəне олардың жүзеге асырылуына пəрменді шара қабылдауға.
10. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу саласында Тараптар сүйенеді:
1) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кəсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу Қазақстан Республикасы Үкіме тінің 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кəсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қаулысына сəйкес жүзеге асырылады. (əрі қарай №1193 Қаулы)
2) шаруашылық жүргізу құқы бар мемлекеттік кəсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі, сыйлықақы жəне басқалай сыйақы жүйесі ұжымдық шартпен бекітілген еңбекақы төлеу қоры аясында анықталады.
3) акционерлік қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы, лауазымдық айлықақыға дербес үстеме ақы, сыйлықақы мөлшерін белгілеу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңына сəйкес жүргізіледі.
11. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең төменгі тарифтік ставкасының (айлықақы) мөлшері Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңы бекіткен мөлшерден төмен болуы мүмкін емес.
12. Ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тəуелсіз денсаулық сақтау ұйымдарының ауыр, зиянды (аса зиянды), қауіпті еңбек жағдайымен қамтылған қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу №1193 Қаулысына сəйкес жүзеге асырылады.
13. Ұйымның орналасқан жері мен түріне тəуелсіз денсаулық сақтау ұйымдарының дəрігерлері мен орта медицина қызметкерлері үшін үйдегі кезекшілік белгіленуі мүмкін. Үйдегі кезекшіліктің əр сағатына кеткен уақыт, күндізгі, сондай-ақ түнгі жұмыс уақыты нормасының əр жарты сағатына сай есептеледі. Осы кезекшілікті орындаушы қызметкер жұмыс орнына (ұйымға), оқиға орнына, науқастың үйіне шақырылған жағдайда, шақыртуға кеткен нақты жұмыс уақыты қызметкердің лауазымдық айлықақысы (мөлшерлеме) есебінен денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлеріне түнгі уақытта жəне мереке күндері төленетін тəртіпті сақтай отырып төленеді.
14. Қызметкерлерге лайықты еңбек пен лайықты еңбек ақыны сақтап қалу іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында тараптар келісті:
1) Қызметкерлерге лайықты еңбек пен лайықты еңбек ақыны сақтап қалу іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырушылық құқықтық формасын "шаруашылық жүргізу құқындағы мекемеге" өзгерткен мемлекеттік, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға өткен жəне мемлекеттік-жеке компаниялар қызметкерлеріне лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақысымен 30 календарлық күннен кем емес негізгі ақылы еңбек демалысын беруге жəне лауазымдық жалақы мен үстеменің ең төменгі деңгейін азаматтық қызметкерлердің сəйкес лауазымдық жалақысы мен үстемесінен кем емес, соның ішінде 1193 Қаулысына сəйкес ерекше еңбек жағдайына үстемені сақтап қалуға.
2) меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарының күтушілеріне, тазалық бикелеріне (санитарларға), шаруашылық бикелеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлемін қамтамасыз ету бойынша шара қолдануға.
3) зейнет жасына жетіп зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты бір жолғы өтемақы төлеуге. Бір жолғы өтемақы мөлшерін ұжымдық шартпен анықтауға.
4) денсаулық сақтау субъектілері қызметкерлерінің жалақысын жалақыларына 30%-ға көбейтуге жеткізу үшін (сыйақы және өзге ынталандыру төлемақыларын есепке алмағанда) жұмыскерлердің жеке санаттарына (барлық мамандық дәрігерлеріне, орташа медицина персоналы мен санитарларға) № 1193 қаулыға сәйкес айқындалған жалақыға үстемақы белгілей отырын 2019 жылғы 1 маусымнан бастап № 1193 қаулымен көзделген жалақыдан төмен емес мөлшерде жалақыларын төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын";
5) әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы өңірлік келісімдерге, ұжымдық шарттарға және денсаулық сақтау субъектілерінің еңбек ақы төлеу туралы ережелеріне Салалық келісімнің осы тармағының 4) тармақшасын міндетті түрде қосу қамтамасыз етілсін.
Ескерту. 14-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Салалық келісімге 20.05.2019 № 1 қосымша келісіммен.15. Қаржы мүмкіндігі болған жағдайда, мемлекет үлесінің 100% қатысуымен акционерлік қоғамның барлық қызметкерлеріне лауазымдық жалақы мөлшерінен кем емес көлемде сауықтыру жəрдемақысының төленуін қамтамасыз етуді қарастыруға.
16. Жан басылық нормативтің қосымша (ынталандырылатын) құрамдас бөлігі жүйесін (ЫҚБЖ) жетілдіруге жəне амбулаторлық-емханалық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылатуға қатынасатын жəне өз еңбегіне үстеме алуға құқылы мамандар тізімін кеңейтуге шара қолдануға.
17. Сала қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу аясында мемлекеттік кепілдіктерді жүзеге асыруға, жалақының толық жəне дер кезінде төленуін қадағалауды қамтамасыз етуге.
18. Министірлік міндеттенеді:
1) Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың еңбек жəне əлеуметтік экономикалық мəселелерін шешуге қатысу мақсатында денсаулық сақтау басқармаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылдың 20 ақпандағы №113 Бұйрығына сай, құрылатын бақылау кеңестеріне Кəсіподақ өкілдерін енгізуге ұсыныс беруге.
2) Кəсіподақ өкілдерін жаппай барлық Алқа құрамына енгізуге, денсаулық сақтау аясында əлеуметтік жəне еңбек қатынастарына нормативтік құқықтық актілер жобаларын əзірлеу мен қарастыру бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарына қосуға, сондай-ақ аумақтық денсаулық сақтау басқармаларының кепілдендірілген тегін медициналық жəрдем көлемі қызметін жеткізушіні анықтау тəртібі бойынша жүргізілетін, қатысушы бақылаушы ретінде тартуға.
19. Кəсіподақ жəне Ұлттық денсаулық сақтау палатасы міндеттенеді:
1) Сала қызметкерлерінің əлеуметтік-экономикалық жəне еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге.
2) Əлеуметтік экономикалық жəне еңбек қатынастарымен байланысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын əзірлеу мен қарастыру бойынша жұмыс топтары мен комиссиялар жұмысына қатынасуға.
3) Кəсіподақ мүшелері арасында міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жалғастыруға.
4) Ел Президентінің Жолдауындағы денсаулық сақтау жүйесі алдына қойған міндеттерін орындау аясында Денсаулық сақтау Министрлігінің бес негізгі бастамасын іске асыруға қатынасуға.
3. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖƏНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА КӨМЕК
20. Өз құзіреті шегінде тараптар өздеріне келесі міндеттерді алады:
1) Денсаулық сақтау ұйымдарында қызметкерлермен еңбек шартын жасасқанда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы нормаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестігі жəне жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға Бас Келісімнің, осы Келісімнің сақталуын пəрменді қадағалаумен қамтамасыз етуге.
2) Келісім тараптарының əр қайсысы өз өкілеттігі шегінде əлеуметтік қауырттылық пен еңбек дауларының туындау тəуекеліне мониторинг жүргізуге, мониторинг нəтижесін салалық комиссияның отырыстарында қарастыруға.
3) Денсаулық сақтаудағы кадр саясатын жүзеге асыру, медицина қызметкері мамандығының беделін көтеру, олардың əлеуметтік еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау мəселелерін шешудің кешенді тəсілімен қамтамасыз ету.
4) Жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын сотқа дейін жедел қарастыру жəне шешу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарында келісу жəне бітістіру комиссияларын Кəсіподақ пен жұмыс беруші өкілдерінен теңдік негізінде құру.
5) Сала қызметкерлерінің кəсіби шеберлігі мен біліктілік деңгейін жоғарылатуды, мемлекеттік бюджет немесе жұмысберуші есебінен, мəлімделген категорияға сəйкес оқу сағаттары нормасы шегінде, бес жылда бір рет жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 118 бабының 4 тармағы мен оқу шартына сəйкес іссапар шығындарын өтеуді қамтамасыз ету.
6) Бала күтіміне байланысты немесе бала тууға байланысты декреттік демалыстан шыққан əйелдердің алғашқы жыл ішінде кəсіптік шеберлігін жоғарылату немесе кəсіби қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз етуге.
7) Сала қызметкерлерінің біліктілік деңгейі мен кəсіби білімін анықтау бойынша аттестаттау комиссиясының жұмыс құрамына Кəсіподақ өкілдерін енгізуді қамтамасыз етуге.
8) Жұмысберуші мен Кəсіподақ өкілдерінен тең құрамда құрылған комиссияның оң шешімінсіз, Қазақстан Республикасы еңбек Кодексінің 52 бабы 1 тармағы 2 жəне 4 тармақшаларын негізге ала отырып, көзделгендей зейнет жасына екі жылдан кем уақыт қалған қызметкерлермен еңбек шартын бұзбауға.
9) Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге емтиханға дайындық, емтихан мен сынақ тапсыру, лабораторлық жұмыс орындау, дипломдық жұмысқа (жобаға) дайындық жəне оны қорғау, əскери-оқу резервін даярлау бағдарламасынан өту үшін оқу демалысын тағайындауға. Оқу демалысына ақы төлеу мөлшерін ұжымдық жəне оқу шарттарында анықтауға.
10) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңын жүзеге асыру шараларын əзірлеуге, сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығын, тəлімгерлікті дамыту мен нығайтуға, жастар денсаулығын сақтау мен нығайтуға, дене шынықтыру жəне спортпен айналысуға жағдай тудыруға, студенттік форумдарды ұйымдастыру мен өткізуге.
21. Жастар арасында жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналасу үшін жағдай тудыру мақсатында Тараптар міндеттенеді:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 29 б. 1 тармағының сəйкес, 3),4),5),6) тармақшаларында белгіленген жағдайдан басқа, жұмысқа жаңа келген жас мамандармен еңбек шартын белгілі мерзімге жасасуға;
2) Жұмысқа алар кезде он сегіз жасқа толмағандарға, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта, жоғары жəне жоғары білім алғаннан кейінгі ұйымдарда оқу білім беру бағдарламаларын меңгерген, алған мамандығы бойынша, бірақ оқу бітіргендеріне бір жылдан кеш емес, жұмысқа жаңа келген тұлғаларға сынақ мерзімін белгілемеуге.
22. Министрлік пен Ұлттық денсаулық сақтау палатасы міндеттенеді:
1) қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарына қатысты, актілерін шығару кезінде кәсіподақ өкілдерінің дәлелді ойын ескеруін, оның ішінде:
- қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы.
- босатылған қызметкерлердің даярлықтан өтуін, қайта даярлауын, еңбекпен қамтамасыз етілуін;
- даярлықтан, қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатудан өтіп жатқан, сондай-ақ жұмысын оқумен қоса атқарып жүрген қызметкерлерге жеңілдіктері мен кепілдіктерін;
- еңбек тəртібі ережесі;
- демалыс кестесі;
- ауысым кестесі;
- толық емес жұмыс уақытын енгізу режимі;
- ҚР Еңбек кодексінің 52 бабының 1 тармағының келесі тармақшаларына көзделген еңбек шартын бұзу:
- 2) тармақша (жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған) ;
- 3) тармақша (жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына əкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген) ;
- 7) тармақша (сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нəтижесі теріс болған) ;
- 8) тармақша (жұмыскер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дəлелді себепсіз үш жəне одан көп сағат бойы жұмыста болмаған) ;
- 16) тармақша (тəртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дəлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған).
2) Денсаулық сақтау ұйымдарындағы қызметкерлер санын негізсіз қысқартуға жол бермеуге шара қабылдауға.
3) Қызметкерлер санын немесе қызметкерлер штатын қысқарту қажеттілігі туған жағдайда Кəсіподақ өкілдерімен өзара консультациялар жəне қызметкерлерді əлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту бойынша ісшаралар əзірлеуге.
Ескерту. 22-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Салалық келісімге 20.05.2019 № 1 қосымша келісіммен.23. Кəсіподақ міндеттенеді:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен қарастырылған сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерінің сақталуына, сонымен қатар жұмыс орнының қысқаруына негізділік, меншік иесі ауысқан жағдайда, ведомстволық бағыныстағы тиістілігі өзгергенде немесе мекеме қайта құрылғанда қызметкерлердің құқықтық кепілдері мен өтемақыларының сақталуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге.
2) Жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын сотқа дейінгі тəртіппен қарауға жəрдем көрсетуге.
3) Кəсіподақ мүшелеріне тегін заң консультациясын беруге, олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге.
4) Медицина жəне фармацевтика мамандығы қызметкерінің мəртебесін көтеруге, ұрпақтар сабақтастығын дамыту мен нығайтуға, инновациялық технологияларды ендіруді ескере отырып, денсаулық сақтаудың интеллектуалдық əлеуетін дамыту мен сақтау бойынша шараларды əзірлеуге жəне іске асыруға.
5) Кəсіподақтың Орталық Кеңесі жəне филиалдары жанындағы жастармен жұмыс бойынша тұрақты қызмет атқаратын комиссия қызметін жандандыру.
6) Облыстық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасауда мазмұнына арнайы жас мамандардың жəне оқитын жастардың əлеуметтік экономикалық жəне еңбек құқықтарын қорғау бойынша бөлімдерді енгізуді қарастыруға.
7) Кəсіподақ (конкурс негізінде) орта жəне жоғарғы оқу ұйымдарының студенттеріне тағайындаған шəкіртақысын, республикалық жəне облыстық кəсіптік шеберлік конкурстарынан жүлделі орынға ие болған дəрігерлер мен медбикелердің сыйақыларын төлеуге.
4. ДЕНСАУЛЫҚ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
24. Тараптар міндеттенеді:
1) Қызметкерді қауіпсіз еңбек құқымен қамтамасыз етуге, өндірістік жарақат алушылық пен қызметкерлердің кəсіби ауруларының пайда болуын ескертетін еңбек қауіпсіздігінің заманауи құралдарын енгізуге.
2) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму Министрлігінің 2015 ж. 28 желтоқсандағы №1053 бұйрығымен бекітілген қысқартылған жұмыс уақыты мен қосымша жыл сайынғы ақылы демалысқа құқық беретін орында жұмыс істейтін ауыр, зиянды (аса зиянды), жəне (немесе) қауіпті (аса қауіпті) жұмыстар тізбесі, өндірістер, цехтар, мамандықтар мен қызметтер Тізіміне сай ауыр жəне өте ауыр, зиянды жəне аса зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтын қызметкерлерді қосымша жыл сайынғы ақылы демалыспен, қысқартылған жұмыс уақытымен қамтамасыз етуге кепілдендірілген құқық беруге.
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру жəне білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы №1019 бұйрығына сəйкес еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша келіссөздер жүргізу, еңбек дауларында бітімгершілікке келу туралы тренингтердің оқу жүйесін жетілдіруге басшылар мен қызметкерлерге, сондай-ақ қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мəселелерімен айналысатын Кəсіподақ өкілдеріне аталған мəселе бойынша нұсқаулық өткізіп, білім деңгейін тексеріп, оқыту жүйесін жетілдіруге, озық тəжірибелермен бөлісуге.
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім жəне басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныс құралдарымен, санитарлық тұрмыстық үй-жайлармен жəне құрылғылармен қамта масыз ету қағидаларын бекіту туралы № 1054 бұйрығына сəйкес еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау іс-шараларын, оның ішінде қызметкерлерді арнайы киіммен, аяқ киіммен жəне басқа да қорғау құралдарымен толықтай қамтамасыз етуді қаржыландыруға шара қабылдауға.
5) Қолданыстағы заңнамаға сəйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды дер кезінде тергеуге, өндірістік жарақат алушылықтың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шара қабылдауға.
6) Əлеуметтік маңызы бар аурулар, оның ішінде (ВИЧ), гепатит, В жəне С туберкулез вирустары тудыратын аурулардың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар өткізуге. Халықаралық еңбек ұйымының АИВ/ ЖИТС (ВИЧ/СПИД) жəне туралы Ұсыныстарын жылжыту бойынша шара қабылдауға.
7) Қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру мақсатында еңбек жағдайын сараптау рөлін жоғарылатуды, Салада еңбекті қорғауды басқарудың шығынды моделінен кəсіптік тəуекелді басқарудың заманауи жүйесіне өтуге қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жаңа стратегиясын əзірлеу жəне енгізу бойынша консультациялар өткізуге.
8) Қалалар мен ауылды жерлерде қызмет атқаратын, жұмыс барысында қоғамдық көлікпен жүріп қызмет етуге міндетті, медицина қызметкерлерінің көлік шығындарын өтеу бойынша шара қабылдауға.
9) Ауылдық жерлерде тұрып қызмет ететін медицина қызметкерлеріне коммуналдық қызмет жəне отын шығынының толық өтелуіне қол жеткізу.
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кəсіптерінің тізбесін бекіту туралы" №1562 Қаулысына сəйкес денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне 5% міндетті зейнетақы жарналарының аударылуын қамтамасыз етуге.
11) "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 Заңына сəйкесмедицина қызметкері тарапынан азаматтың денсаулығына немқұрайдылық пен ұқыпсыздық əсерінен емес келтірілген зиянға кəсіби жауапкершілікті сақтандыруды енгізуге ықпал жасауға.
12) В жəне С вирусты гепатиті бойынша қатер тобындағы медицина қызметкерлерін жұмыс беруші қаражаты есебінен тексерілуіне, сондайақ кəсіптік аурулардың Мемлекеттік тізімін əзірлеу барысында аталған ауруларды қосу туралы сұрақты қарастыруға.
13) Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сала қызметкерлерінің скринингтік тексерілуден өтуін қамтамасыз етуге.
14) Облыстық жəне салалық əлеуметтік əріптестік комиссия отырыстарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік жарақатты жəне кəсіптік ауру жағдайлары сұрақтарын қарастыру жəне қарастырылған нəтижесі бойынша шаралар қолдануға.
25. Министрлік жəне Ұлттық денсаулық сақтау палатасы міндеттенеді:
1) Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруына байланысты, сондай-ақ қоғамдық жұмыс кезінде оның өміріне жəне (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда келтірілген шығынды жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасында қарастырылған көлемде өтеуіне.
2) Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қауіпсіз еңбек жəне еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды, қызметкерлердің арнайы киіммен жабдықталуын, уəкілеттік еңбек органдарының тізімі мен нормасына сай арнайы тағаммен үзіліссіз қамтамасыз етілуін, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 125 бабына сəйкес жұмыс беруші есебінен қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуін қаржыландыруды ескеруді, сондай-ақ облыстар жəне Астана мен Алматы қалаларының əкімдіктеріне аталған шығындарды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды ұсынуға.
26. Кəсіподақ міндеттенеді:
1) Еңбекті жəне еңбекті қорғау бойынша құқықтық мəдениетті жоғарылату, өндірістік жарақат алушылық пен кəсіби ауруларды төмендету аясында өз міндеттерін орындау бойынша қызметкерлермен түсіндірме жұмысын жүргізуге.
2) Денсаулық сақтау ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын туғызуға, еңбек міндеттірін орындау барысында қызметкерге келтірілген зиян шығыны дер кезінде жəне толық өтелуіне, Еңбек заңнамасының сақталуына тиімді қоғамдық бақылау қолданыстағы заңңамаға сəйкес жүргізуге .
3) Өндірістік жарақат пен кəсіби аурулардың алдын алуға, еңбек жəне еңбекті қорғау заңнамалары талаптарын қамтамасыз ету бойынша ұйымдарда біріккен əрекет аясында Өндірістік кеңестердің тиімді қызметін қолдауға.
4) Өндірісте зардап шеккен жəне қаза тапқан Кəсіподақ мүшелерінің отбасыларына құқықтық жəне материалдық көмек көрсетуге.
5) Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізуге, медициналық көрсеткіштері бойынша сауықтыруды қажет ететін кəсіподақ мүшелеріне санаторлық-курорттық емдеуге жеңілдік қарастырылған жолдамалармен қамтамасыз етуге жəрдем көрсетуге, сондай-ақ олардың балаларын сауықтыруға.
5. КƏСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДЕРІ
27. Тараптар міндеттенеді:
1) Кəсіподақтық қызметі мен Кəсіподаққа мүшелігіне байланысты кез келген қызметкердің заң кепілдік берген əлеуметтік, еңбектік жəне басқада құқықтары мен бостандығын шектеуге, мəжбүрлеуге, қызметінен босатуға немесе басқа əрекеттерге жол бермеу бойынша шара қолдануға.
2) Салада Кəсіподақ пен оның құрылымдық бөлімдері қызметінің кепілдері мен заңмен белгіленген құқықтарының сақталуы бойынша шара қолдануға.
3) Сала ұйымдарында Кəсіподақтың бастауыш ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету үшін отырыстар өткізуге орын-жай, жиһаз, оргтехника мен байланыс құралдарымен жабдықтауға, сондай-ақ қызметкерлер үшін қол жетімді жерде ақпарат орналастыруға мүмкіндік беруге.
4) Жарғылық міндеттері мен заңмен берілген құқықтарын жүзеге асыру үшін сайланбалы кəсіподақ органдарының өкілдеріне Кəсіподақ мүшелері қызмет атқаратын ұйымға кіруге.
5) Кəсіподақ органдарының сұранымы бойынша ақпарат, қызметкерлердің еңбек жағдайы, жалақы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, күн көріс жағдайы жəне басқа да əлеуметтікэкономикалық жағдайлары бойынша мəліметтер мен түсініктемелер беруге.
6) Жұмыс берушілер өкілдерінің кəсіподақ ұйымдары мен органдарының қызметіне араласуына жол бермеуге, сондай-ақ олардың қызметіне кедергі жасамауға.
7) Өздері мүше кəсіподақ ұйымының дəлелді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасымен негізгі қызметінен босатылмаған сайланбалы кəсіподақ ұйымының мүшесін қызметінен босатуға, сондай-ақ тəртіптік жаза қолдануға.
8) Өздері мүше кəсіподақ ұйымының дəлелді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасымен негізгі қызметінен босатылмаған кəсіподақ ұйымының басшысыларын (төрағаларын) қызметінен босатуға, сондайақ тəртіптік жаза қолдануға, заңды тұлғаның немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтаған жағдайдан басқа уақытта.
9) Кəсіподақ мүшелеріне Кəсіподақ Жарғысы белгілеген мерзімде жұмыс уақытында жиналыс өткізуге құқық беруге.
10) Негізгі қызметінен босатылмаған кəсіподақ қызметкерлеріне, оның ішінде еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларға ұжым мүддесіне қоғамдық міндеттерін атқаруға, орташа айлық жалақысын сақтай отырып, уақыт бөлуді қарастыруға. Уақыттың дəл мөлшері ұжымдық шартпен белгіленеді.
11) Кəсіподақ органдарының мүшелерін өз мүшелерінің мүддесінде қоғамдық қызмет атқару үшін, кəсіподақтық оқу уақытында, делегат ретінде кəсіподақ шақырған съезд (конференция) уақытында негізгі қызметін атқарудан босатуға жəне оның орташа айлық жалақысын сақтауға.
12) Жұмыс беруші кəсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкердің жазбаша өтініші болған жағдайда айына бір рет, келесі айдың бірінші декадасынан кешіктірмей, тиісті филиалдың есеп шотына барлық табыс көздерінен толық көлемде кəсіподақ жарнасын аударады.
6. ƏЛЕУМЕТТІК ƏРІПТЕСТІКТІҢ ДАМУЫ
28. Тараптар міндеттенеді:
1) Əлеуметтік əріптестік ұстанымдарын əрі қарай дамытуға жəне өркендетуге, жасалатын келісімдер мен ұжымдық шарттардың тиімділігін арттыруға, қабылданған міндеттірдің орындалуына қадағалау орнатуды.
2) Аталған келісімнің шарттарының орындалу нəтижелерін Тараптардың ресми сайттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ салалық жəне кəсіподақтық баспа беттерінде жариялауды.
3) Қызметкерлердің еңбек, əлеуметтік экономикалық, кəсіптік мүдделерін қозғайтын, қызмет бағыттары мен болашақ шаралары жөнінде толық ақпаратпен дер кезінде алмасуды.
4) Денсаулық сақтау ұйымдарына облыстық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасуға ұйымдастырушылық жəне əдістемелік көмек көрсетуді.
5) Тараптар қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қадағалау. Салалық комиссияда салалық Келісімнің орындалу барысын ұдайы қарастырып отыруды.
6) Əлеуметтік əріптестік аясында əлеуметтік-еңбек тартыстары мен шиеленістерді болдырмау жəне алдын алу бойынша іс шаралар əзірлеу.
7) Келесі сұрақтарды қарастыру:
- келісім, ұжымдық шарттар əзірлеу мен қабылдауға қатысу үшін бақылаушылар топтарының қалыптасу тəртібі, құзыреті мен қызметі туралы;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша Кеңестің қалыптасу тəртібі мен қызметі туралы;
- кадрлық потенциал мен біліктілікті дамыту бойынша үйлестіру орталығы туралы;
- ұжымдық еңбек дауларын шешу жəне алдын алу сұрақтары бойынша Кеңестің қызметі мен қалыптастыру тəртібі туралы; - біліктіліктің салалық шеңберін бекіту тəртібі туралы.
8) Аталған келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша келіссөздерді жүргізуді əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия атқарады.
Салалық комиссияның құрамын Тараптар өз бетінше Тараптар өкілдерінің тепе-тең негізінде анықтайды.
Комиссия туралы Ереже, оның жұмыс тəртібі, міндеті мен өкілеттігі салалық комиссияның отырысында бекітіледі.
9) Келісімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу кезінде осы толықтырулар мен өзгерістерді енгізуге бастама көтеріп отырған тарап басқа тараптарға Келісім жасасу тəртібіне сай келіссөздер жүргізуді бастау туралы жазбаша хабарлайды.
7. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖƏНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
29. Тараптар келесі мəмілеге келді:
1) Келісімге қол қойылғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде Тараптар Келісім мəтінін ресми жариялайды жəне денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары басшыларының, Кəсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы назарына жеткізеді жəне де қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды 1 ай мерзімде əзірлейді. Келісімге қол қойған əрбір тарап өз өкілеттіктері шегінде өзінің жауапкершілігін мойындайды жəне туындайтын проблемаларды шешуде ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.
2) Бірде бір Тараптың бір жақты тəртіппен Келісімнің қолданылуын тоқтата тұруға немесе алып тастауға құқығы жоқ, оған өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша енгізіледі.
3) Келісімнің орындалуын бақылау Келісім тараптарымен жəне олардың өкілдерімен, сондай-ақ əлеуметтік əріптестік пен əлеуметтік жəне еңбек қатынастарын реттеу бойынша салалық комиссиясымен жүзеге асырылады. Бақылау жүргізу үшін Келісім тараптары жыл сайын Келісімнің орындалу барысы туралы расталған ақпаратпен алмасады.
Келісім орындалмаған жағдайда мүдделі тұлғалар салалық екіжақты комиисияны немесе Келісімге қол қойған басшыларды тікелей жазбаша түрде хабардар етеді. Тараптар табыс етілген ақпаратты талқылауды жүргізеді жəне тиісті шешімдер қабылдайды.
4) Осы Келісім оған қол қойылған сəттен бастап күшіне енеді жəне жаңа келісім қабылданғанға дейін, бірақ 2020 жылдың ақпан айынан кешікпей қолданылады.
2017 жылдың 18 сəуірінде Астана қаласында мемлекеттік жəне орыс тілдерінде, 8 данада жасалды. Қол қойған қатысушылардың əр қайсысында Келісімнің бір данасы бар.
Осы салалық Келісімге мыналар қол қойды:
Қазақстан Республикасы |
Ұлттық денсаулық |
Қазақстандық Денсаулық сақтау |
2017 жылдың 28.04 Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде тіркелген № 22 |