Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 5-тармағы және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөліміне осы өкімнің Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы |
Д. Малахов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
__________________________
2024 жылғы "22" қазан
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі төрағасының 2024 жылғы 5 қарашадағы № 1-8/54 өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
"А" блогы (басқарушы персонал) | ||
А1 | 1 | "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (ректор) |
1-1 | "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (вице-ректор) | |
А2 | 1 | Орталық директоры, қызмет басшысы - бас есепші, бас ғылыми хатшы |
А3 | 1 | Қызмет басшысы |
2 | Сектор басшысы | |
"В" блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Профессор |
2 | Доцент, бас сарапшы: бағдарламалар координаторы, зерттеу және халықаралық жобалар координаторы | |
"Денсаулық сақтау" саласы | ||
B3 | 1 | Жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер) |
2 | Бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер) | |
3 | Екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер) | |
4 | Санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мейірбике (мейіргер) | |
"С" блогы (әкімшілік персонал) | ||
С1 | Баспасөз-хатшысы | |
С2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: есепші, экономист, заңгер, кітапханашы, инспектор, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, жүйе әкімшісі, аудармашы, мұрағатшы, редактор | |
С3 | Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: есепші, экономист, заң кеңесшісі, кітапханашы, инспектор, жүйе әкімшісі, аудармашы, мұрағатшы, редактор, шаруашылық меңгерушісі |