Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің лауазымды адамдардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 1-8/65 өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулыларымен, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының қоса беріліп отырған регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Сот жюриі қызметін қамтамасыз ету бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы өкім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;

      2) осы өкім оны ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Д. Малахов

  Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесі
төрағасының
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1-8/65 өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламенті

1. тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.

      2. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін: мына лауазымды тұлғалар жеке қабылдайды: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 1В кіреберіс, "Министрліктер Үйі" Әкімшілік ғимараты мекенжайы бойынша жүзеге асырылады:

      1) Кеңес Төрағасы және тұрақты мүшелері;

      2) Кеңес жанындағы Сот жюриінің төрағасы (бұдан әрі – Сот жюриі);

      3) Кеңес хатшысы – аппарат басшысы.

      3. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша осы Регламентте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2 тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі

      4. Қабылдауға жазылуды "электрондық үкімет" веб-порталынан немесе "электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесінен электрондық құжат, қағаз форматтағы өтініштер, оның ішінде жауапты қызметкерге қолма-қол не ауызша нысанда баяндалған өтініштер негізінде күн сайын жұмыс күндері түскі үзілісі бар жұмыс уақытында қабылдауға жазылу мәселесі құзыретіне кіретін Кеңес аппаратының жауапты қызметкерлері жүргізеді.

      5. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, қараусыз қалдырылады.

      6. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

      Егер жеке қабылдау туралы өтініш Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы осы өтінішті тікелей қарайтын Кеңес аппаратының қызметкері өтініш берушіге көрсетеді және оны Кодекс талаптарына сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.

      7. Осы Регламенттің 2-тармағында көрсетілген адамдардың қабылдауы, бекітілген кестеге сәйкес, Регламенттің қосымшасына сәйкес нысан бойынша, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда, айына кемінде бір рет жұмыс уақытында алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.

      8. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестесі, Кеңес ғимаратында мемлекеттік және орыс тілдерінде, жалпы көру үшін қолжетімді жерде ілінеді, сондай-ақ Кеңестің ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Кеңестің тұрақты мүшелері, Сот жюриінің төрағасы, Кеңес хатшысы – аппарат басшысы, Кеңес Төрағасының тиісті тапсырмасы бойынша, қабылдау өткізу күні көрсете отырып, бекітілген кестеден тыс қабылдауы мүмкін.

      9. Қабылдау басталар алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынады.

      10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау кезінде берілген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

      11. Қабылдау өтініштің кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттер аумағындағы Ұрыс қимылдарының ардагерлері, еңбек ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек ер" ордендерімен наградталған адамдар, кезектен тыс қабылданады.

      12. Егер өтініш беруші басқа елді мекеннен өтініш білдірген жағдайда, жеке қабылдау өткізілетін күн мен уақыт туралы жеке қабылдау өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарланады.

      13. Өтініш берушінің келісімімен Кеңестің лауазымды адамдарының қабылдауы бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      14. Пандемияға байланысты шектеу шаралары немесе жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да мән-жайлар енгізілген жағдайларда қабылдау тек бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылады.

      15. Қабылдауға жазылу мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды:

      1) Кеңестің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;

      2) Кеңестің, әкімшілік іс жөніндегі Кеңестің лауазымды адамының әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты сол нысан туралы және өтініште көрсетілген негіздер бойынша шешімі болған кезде;

      3) сол адамға қатысты, сол нысан туралы және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген, сот актісі болған кезде;

      4) егер Кеңес, Кеңестің лауазымды адамы өтінішті қайтарса;

      5) егер Кеңес, Кеңестің лауазымды адамы өтініш берушіден өтінішті қайтарып алу талабын қабылдаса.

      16. Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да себептер бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда қабылдаушы адам Кеңес аппаратының жауапты қызметкеріне 2 жұмыс күні ішінде кешіктірмей хабарлайды.

      17. Қабылдау өткізу кезінде өтініш берушінің өтінішін тікелей қарайтын Кеңес аппаратының жауапты қызметкерлері, егер көтерілетін мәселе олардың құзыретіне қатысты болса, басқа мүдделі органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

      18. Өтініш берушінің өтінішін тікелей қарайтын кеңес аппаратының жауапты қызметкері басқа мүдделі органдардың өкілдерін қабылдауға қатысуға сұраным жібергеннен кейін өтініш берушіні сұраным жіберілгені туралы және қажет болған жағдайда қабылдауға жазылу туралы өтінішті қарауды ұзарту туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      19. Қабылдау өтініш берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

      20. Қабылдау нәтижелерін Кеңес аппаратының жауапты қызметкері өтініш не тапсырма бойынша қабылдау барысында қабылданған шешімді көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдерін көрсете отырып хаттамалайды. Хаттамалық тапсырмалар өтініштерге бекітіледі.

3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі

      21. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық өтініштерді Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкері "электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді.

      22. Өтініш берушінің өтінішін тікелей қарайтын Кеңес аппаратының жауапты қызметкерлері қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын, материалдарды жинап, талдағаннан кейін қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен Кеңес Төрағасының атына анықтамалық ақпарат дайындайды.

      23. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жауапты қызметкері тізімдерді кезектілік тәртібімен бекітілген қабылдау кестесіне бөледі.

      24. Өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушінің өтінішін тікелей қарайтын Кеңес аппаратының жауапты қызметкері өтініш берушіге қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып жауап жібереді.

4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру

      25. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі жүзеге асырады.

      26. Қабылдаудан түскен өтінішті бақылаудан алуға өтініш берушіге түпкілікті дәлелді жауап негіз болып табылады.

      27. Өтініш берушінің қабылдау кезінде берген өтініштер "Жеке қабылдаудан" деген белгі қойылып, "электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесінде тіркеледі.

      28. Көп пысықтауды талап ететін мәселенің күрделі сипаты болған жағдайда өтініш берушіге өтінішті қарау мерзімін өтініш тіркелген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарту туралы хат жіберіледі. Өтінішті қарау мерзімін Кеңес хатшысы – аппарат басшысының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      29. Өтініштердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) өткізілетін қабылдаулар шеңберінде Кеңес аппаратының жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу;

      2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың қатысуы;

      3) өтініш берушімен кері байланыс (қажеттілік бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
лауазымды адамдарының
жеке тұлғаларды және заңды
тұлғалардың өкілдерін жеке
қабылдауының регламентіне
қосымша

Кеңес басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

Мемлекеттік органның атауы

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә.

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның, ұйымның орналасқан жері

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы


























Об утверждении Регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами Высшего Судебного Совета Республики Казахстан

Распоряжение Председателя Высшего Судебного Совета Республики Казахстан от 12 декабря 2024 года №1-8/65

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 1 статьи 5 и подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 214 "Об утверждении Типового регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами центральных государственных органов и аппаратов акимов областей, городов республиканского значения, столицы, внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2020 года № 560 "Об утверждении Типового регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппаратов акимов областей, городов республиканского значения и столицы и Типового положения об отделах по контролю за рассмотрением обращений аппаратов акимов областей, городов республиканского значения и столицы" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан":

      1. Утвердить прилагаемый Регламент личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами Высшего Судебного Совета Республики Казахстан.

      2. Отделу обеспечения деятельности Судебного жюри Аппарата Высшего Судебного Совета Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:

      1) в течение пяти календарных дней со дня принятия настоящего распоряжения направить его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) разместить настоящее распоряжение на интернет-ресурсе Высшего Судебного Совета Республики Казахстан для его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Секретаря Высшего Судебного Совета Республики Казахстан – руководителя аппарата.

      4. Настоящее распоряжение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Высшего Судебного Совета
Республики Казахстан
Д. Малахов

  Утвержден
распоряжением Председателя
Высшего Судебного Совета
Республики Казахстан
от 12 декабря 2024 года № 1-8/65

Регламент личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами Высшего Судебного Совета Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами Высшего Судебного Совета Республики Казахстан (далее – Регламент) регламентирует порядок личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами Высшего Судебного Совета Республики Казахстан (далее – Совет).

      2. Личный прием физических лиц и представителей юридических лиц осуществляется по адресу: город Астана, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, подъезд 1В, административное здание "Дом Министерств", следующими должностными лицами:

      1) Председателем и постоянными членами Совета;

      2) председателем Судебного жюри при Совете (далее – Судебное жюри);

      3) Секретарем Совета – руководителем аппарата.

      3. Прием физических лиц и представителей юридических лиц осуществляется по вопросам, входящим в компетенцию Совета, в порядке, установленным настоящим Регламентом.

Глава 2. Порядок приема физических лиц и представителей юридических лиц

      4. Запись на прием ведут ответственные сотрудники аппарата Совета, в чью компетенцию входит вопрос записи на прием, ежедневно в рабочие дни в рабочее время с перерывом на обед, на основании электронного документа с веб-портала "электронное правительство" либо информационной аналитической системы "Электронные обращения", обращений в бумажном формате, в том числе поступающих нарочно либо в устной форме, изложенной ответственному работнику.

      5. Обращение с просьбой о личном приеме, в котором не изложена суть вопроса, оставляется без рассмотрения с сообщением об этом заявителю.

      6. Отказ в приеме обращения не допускается.

      В случае, если обращение с просьбой о личном приеме не соответствует требованиям, установленным статьей 63 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс), об этом, сотрудник аппарата Совета, непосредственно рассматривающий данное обращение, указывает заявителю и устанавливает разумный срок для его приведения в соответствие с требованиями Кодекса.

      Обращение с просьбой о личном приеме, которое в установленный срок не приведено в соответствие с требованиями Кодекса, подлежит возврату.

      7. Прием лицами, указанными в пункте 2 настоящего Регламента, проводится по предварительной записи в рабочее время с понедельника по пятницу включительно, не реже одного раза в месяц, за исключением выходных и праздничных дней, согласно утвержденному графику, по форме согласно приложению к Регламенту.

      8. График приема с указанием фамилии, имени и отчества (при его наличии) должностного лица, дней приема вывешивается в помещении Совета на государственном и русском языках, в доступных для общего обозрения месте, а также размещается на официальном интернет-ресурсе Совета.

      Прием постоянными членами Совета, председателем Судебного жюри, Секретарем Совета – руководителем аппарата может осуществляться вне утвержденного графика по соответствующему поручению Председателя Совета, с указанием даты проведения приема.

      9. Перед началом приема физическое лицо или представитель юридического лица предъявляет документ, удостоверяющий его личность, а при обращении от имени других лиц – документы, подтверждающие полномочия представлять их интересы.

      10. Прием иностранцев и лиц без гражданства проводится в соответствии с требованиями по обеспечению режима секретности в Республике Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, регулирующими отношения в области защиты государственных секретов.

      Обращения иностранцев и лиц без гражданства, поданные на приеме, рассматриваются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, если международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, не предусмотрены иные правила их рассмотрения.

      11. Прием проводится в порядке очередности обращения. Ветераны Великой Отечественной войны, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветераны боевых действий на территории других государств, ветераны труда, лица с инвалидностью, беременные женщины, лица, награжденные орденами "Алтын Қыран",
"Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері", принимаются вне очереди.

      12. В случае, если заявитель обращается из другого населенного пункта, о дате и времени проведения личного приема сообщается не позднее, чем за 3 (три) рабочих дня до даты проведения личного приема.

      13. С согласия заявителя прием должностными лицами Совета может осуществляться посредством видеоконференцсвязи.

      14. В случаях введения ограничительных мер, связанных с пандемией, или других обстоятельств, связанных с обеспечением безопасности физических лиц и представителей юридических лиц, прием осуществляется исключительно посредством видеоконференцсвязи.

      15. Не осуществляется запись на прием:

      1) по вопросам, не входящим в компетенцию Совета;

      2) когда имеется решение Совета, должностного лица Совета по административному делу в отношении участника административной процедуры о том же предмете и по тем же основаниям, которые указаны в обращении;

      3) когда имеется вступивший в законную силу судебный акт, вынесенный в отношении того же лица, о том же предмете и по тем же основаниям;

      4) если Советом, должностным лицом Совета возвращено обращение;

      5) если Советом, должностным лицом Совета принят отзыв обращения от заявителя.

      16. В случаях невозможности проведения приема по причине временной нетрудоспособности, служебной командировки и другим причинам принимающее лицо оповещает ответственного сотрудника аппарата Совета не позднее чем за 2 рабочих дня.

      17. При проведении приема ответственные сотрудники аппарата Совета, непосредственно рассматривающие обращение заявителя, обеспечивают участие представителей других заинтересованных органов, если поднимаемый вопрос затрагивает их компетенцию.

      18. Ответственный сотрудник аппарата Совета, непосредственно рассматривающий обращение заявителя, после отправки запроса на участие в приеме представителей других заинтересованных органов, информирует заявителя в течение 2 (двух) рабочих дней о направлении запроса и при необходимости продлении рассмотрения обращения о записи на прием.

      19. Прием осуществляется на государственном и русском языках по желанию заявителя.

      20. Результаты приема протоколируются ответственным сотрудником аппарата Совета с отражением принятого в ходе приема решения по обращению либо поручения, с указанием конкретных сроков их исполнения. Протокольные поручения прикрепляются к обращениям.

Глава 3. Порядок регистрации и рассмотрения обращений по вопросам приема физических лиц и представителей юридических лиц

      21. Все поступившие обращения о записи на прием регистрируются сотрудником Отдела организационного обеспечения и международного сотрудничества в информационной аналитической системе "Электронные обращения" в день их поступления.

      22. Ответственные сотрудники аппарата Совета, непосредственно рассматривающие обращение заявителя, за 5 (пять) рабочих дней до начала приема, после сбора и анализа материалов готовят справочную информацию на имя Председателя Совета с предложением о назначении даты приема или отказе.

      23. Ответственный сотрудник Отдела организационного обеспечения и международного сотрудничества распределяет списки в утвержденный график приема в порядке очередности.

      24. В срок не позднее 15 (пятнадцати) рабочих дней с момента регистрации обращения ответственный сотрудник аппарата Совета, непосредственно рассматривающий обращение заявителя, направляет ответ заявителю с указанием даты и времени приема.

Глава 4. Осуществление контроля исполнения поручений по итогам приема

      25. Контроль протокольных поручений, подготовленных по итогам приемов, осуществляется Отделом организационного обеспечения и международного сотрудничества.

      26. Основанием для снятия с контроля поступившего с приема обращения является окончательный мотивированный ответ заявителю.

      27. Обращения, поданные заявителем при проведении приема, регистрируются в информационной аналитической системе "Электронные обращения" с проставлением отметки "с личного приема".

      28. В случае сложного характера вопроса, требующего большей проработки, заявителю направляется письмо о продлении срока рассмотрения обращения не более чем на 30 (тридцать) календарных дней с момента регистрации обращения.

      Срок рассмотрения обращения может быть продлен мотивированным решением Секретаря – Совета руководителем аппарата на разумный срок, но не более чем до двух месяцев ввиду необходимости установления фактических обстоятельств, имеющих значение для правильного рассмотрения обращения, о чем заявитель извещается в течение 3 (трех) рабочих дней со дня продления срока.

      29. Структурное подразделение, осуществляющее контроль за исполнением обращений, совместно с другими заинтересованными структурными подразделениями обеспечивают:

      1) информационно-аналитическое сопровождение работы аппарата Совета в рамках проводимых приемов;

      2) участие ответственных должностных лиц, задействованных в приеме;

      3) обратную связь с заявителем (по необходимости).

  Приложение
к Регламенту личного приема
физических лиц и
представителей юридических
лиц должностными лицами
Высшего Судебного
Совета Республики Казахстан

График приема граждан руководством Совета

Наименование государственного органа

Ф.И.О лица, проводящего прием граждан

Должность лица, проводящего прием граждан

Дата и время приема граждан

Местонахождение государственного органа, организации

Контактный телефон, электронный адрес