Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитарлық инспекторының 2012 жылғы 19 қазандағы № 30 ұсынысының негізінде, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек елді мекенінде ұсақ малдар арасынан шыққан бруцеллез ауруының ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
2. Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 25 шілдедегі №9 "Шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Алакөл ауданының әділет басқармасына тіркеу тізіліміне 2012 жылдың 9 тамызында 2-5-184 нөмірімен енгізілген, Алакөл аудандық "Алакөл" газетінің 2012 жылдың 30 тамызындағы 33 нөмірінде жарияланған шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтүбек ауылдық округінің мал дәрігерлік бас маманы Асқар Қаипчаұлы Бибазаровқа жүктелсін.
Ақтүбек ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Қ.Әділбаева |