Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес, Ұйғыр ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Жастар практикасын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 12 сәуіріндегі 2-19-131 нөмірімен енгізілген, 20 сәуір 2012 жылы "Іле өңірі – Или тәвәси" газетінде № 16 (1056) жарияланған) № 3-62 және Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 12 сәуіріндегі 2-19-132 нөмірімен енгізілген, 20 сәуір 2012 жылы "Іле өңірі – Или тәвәси" газетінде № 16 (1056) жарияланған) № 3-63 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
Аудан әкімі | К. Омаров |