Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Әбдірайымовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы "29" желтоқсандағы № 366 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
1. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының күзет аймағының шекарасын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 164 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1750 болып тіркелген, 2010 жылдың 27 шілдесінде №134 (17 188) "Ақ жол" облыстық газетінде жарияланған).2. Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №164 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы №34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1806 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 наурыздағы "Ақ жол" №29 (17 589) және "Знамя Труда" №29 (17 546) облыстық газеттерінде жарияланған).