1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округінің аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 4 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4543 болып енгізілген, 2015 жылғы 29 қазандағы "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Жайсаң ауылдық округінің әкімі: | Ж. Есмухамбетов |