1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі _______________ А. Мамытбеков |
____________________ 2015 жыл |
Қарағанды облысы әкімдігінің | |
2015 жылғы 23 маусымдағы | |
№ 34/14 қаулысына | |
қосымша |
Күші жойылды деп танылған Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулылары
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 14/10 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2580 болып тіркелген, "Орталық Қазақстан" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 70-71 (21705), "Индустриальная Караганда" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 63-64 (21584-21585) газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 сәуірде жарияланған).2. Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 45/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" № 14/10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық акілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2737 болып тіркелген, "Орталық Қазақстан" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №179-180 (21814), "Индустриальная Караганда" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 164-165 (21685-21686) газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған).
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 66/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" № 14/10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық акілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2872 болып тіркелген, "Орталық Қазақстан" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 179-180 (21814), "Индустриальная Караганда" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 164-165 (21685-21686) газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 қыркүйекте жарияланған).