1. Дубовка ауылдық округіндегі ірі қара малдың арасынан туберкулез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарияық – санитарлы іс – шараларды жүргізумен байланысты Дубовка ауылдық округінің Алабас ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/01 "Дубовка ауылдық округі Алабас ауылында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3000 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы № 6 (1092) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 10 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |