"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арал аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
қазақ тілінде – "Арал аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып,
орыс тілінде – коммунальное государственное учреждение "Аральский районный отдел ветеринарии" болып қайта аталсын.
2. "Арал аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 24-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4877 нөмірімен тіркелген, "Толқын" газетінде 2015 жылғы 7 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Бохаевқа жүктелсін.
4. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | А. МҰХИМОВ |