Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 42 "Алтынсарин ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тipкeу тізілімінде № 5501 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 cәуірдегі "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Б. Ахметов