"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 5 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5613 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Қарбозовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Карбозов