Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 128 "Ұзынкөл ауданың шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5677 тіркелген, "Нұрлы жол" аудандық газетінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 128 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушысы Б. Мұхамедяров