Бұрын қабылданған, аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 27/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 64/3а қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8–тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұрын қабылданған, Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы "Ертіс ауданы әкімдігінің атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 27/1 қаулысының (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 20 ақпанында № 4314 тіркелген, 2015 жылдың 28 ақпандағы аудандық "Ертіс нұры" газетінің № 8 және "Иртыш" газетінің № 8 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Шәріпов

О признании утратившим силу ранее принятого постановления акимата Иртышского района от 26 января 2015 года № 27/1

Постановление акимата Иртышского района Павлодарской области от 2 марта № 64/3а

      В соответствии с пунктом 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 21-1 Закона Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" акимат Иртышского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ранее принятое постановление акимата Иртышского района от 26 января 2015 года № 27/1 "Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов акимата Иртышского района", (зарегистрировано в реестре нормативных правовых актов Департамента юстиции Павлодарской области № 4314 от 20 февраля 2015 года, опубликовано в районных газетах "Ертіс нұры" №8 и "Иртыш" №8 от 28 февраля 2014 года) признать утратившим силу.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на руководителя аппарата акима района.
      Исполняющий обязанности
      акима района Б. Шарипов