1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2014 жылғы 25 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" № 68/2 қаулысының (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 наурызда № 3744 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі аудандық № 15 "Маралды" және № 15 "Трибуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |