"Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына арналған медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың айналысы, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық мақсаттағы техника саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 796 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 785 бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына арналған медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың айналысы, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық мақсаттағы техника саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 796 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 8175 болып тіркелген және 2013 жылғы 14 тамыздағы № 251 (27525) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық департаменттеріне мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2015 жылғы 21 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      және әлеуметтік даму
      министрі                                           Т. Дүйсенова

О признании утратившим силу приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 ноября 2012 года № 796 "Об утверждении критериев оценки степени риска в сферах оказания медицинских услуг, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники и форм проверочных листов для государственных организаций здравоохранения"

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 7 октября 2015 года № 785

      В соответствии со статьей 21-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 ноября 2012 года № 796 "Об утверждении критериев оценки степени риска в сферах оказания медицинских услуг, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники и форм проверочных листов для государственных организаций здравоохранения" (зарегистрированный в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8175 и опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 14 августа 2013 года за № 251 (27525).
      2. Комитету контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан (далее - Комитет) обеспечить:
      1) направление в недельный срок копии настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего совместного приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;
      3) доведение настоящего приказа до сведения территориальных департаментов Комитета.
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания и распространяется на отношения, возникшие с 21 августа 2015 года.

      Министр
      здравоохранения и социального
      развития Республики Казахстан              Т. Дуйсенова