Қоса берілген тізбеге сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Алматы қаласы мәслихатының аппараты:
1).осы шешімді қабылдау туралы бір апталық мерзімде әділет органдарына хабарласын;
2).интернет-ресурсты қоса алғанда, ресми баспа басылымдарда осы шешімді жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3..Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.С. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Сауранбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVІІ сессиясының төрағасы |
Ф. Константинов |
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 319 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 268 "Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 716 тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2006 жылғы 30 қарашада жарияланған).2. ІV-сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІ сессиясының 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 9 "ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 26 қыркүйектегі "Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесін бекіту туралы" ХХІV сессиясының № 268 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 756 тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінде 2007 жылғы 17 қарашада және "Вечерний Алматы" газетінде 2007 жылғы 15 қарашада жарияланған).
3. IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 319 "III сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 26 қыркүйектегі XXIV сессиясының Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесін бекіту туралы № 268 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 846 тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2010 жылғы 22 мамырда жарияланған).