1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Субсидияланатын гербицидтердің түрлерiн және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгiлеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 293 қаулысы (2014 жылғы 13 қыркүйекте "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2912 болып тіркелді);
2) "Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 207 қаулысы (2015 жылғы 16 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3296 болып тіркелді).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы "2015 жылға арналған субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 290 қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Е. Сұлтанов |