РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 21-1-бабының 2-тармағына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 615 қаулысына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Исатай аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы № 199-V "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2949 болып енгізілген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2014 жылғы 24 шілдеде № 28 санында жарияланған) шешімі;
2) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 222-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3068 болып енгізілген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда № 2 санында жарияланған) шешімі;
3) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 222-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241-V (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3144 болып енгізілген аудандық "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 15 санында жарияланған) шешімі.
2.Осы шешімнің бір данасы облыстық әділет департаментіне жолдансын.
3.Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін бір данасы аудандық "Нарын таңы" газетіне жолдансын.
4.Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХХII сессиясының төрағасы: А. Ахметжанова
Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
аудандық мәслихаттың тұрақты
комиссиясы төрағасы: С. Қабделов