РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын және Атырау облысы Әділет департаментінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 4-8028/15 хатын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 99 "Қызылқоға ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3199 тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінде 2015 жылы 28 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулы аудандық "Қызылқоға" газетіне жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Абуовке жүктелсін.
Аудан әкімі М. Мұқанов