1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 90 "Индер ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 сәуір № 3189 тіркелген, аудандық "Дендер" газетінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 19 санында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | С. Арыстан |