«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысын іске асыру туралы» 2014 жылғы 25 шілдедегі № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2762-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 22.07.2015 № 226 қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 22.07.2015 № 226 қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева