«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/111-V «Оңтүстік Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және өткізу Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2275-нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 15 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Н.Әбішов
Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан