«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 1028 «Шымкент қаласы әкімі аппаратының, аудан әкімі аппараттары және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2461 тіркелген, 2014 жылы 17 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің аппарат басшысы Р.Аюповқа жүктелсін.
Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов