«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8 бабына, Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Алипбектің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 2-26-3/1435 хатына, Мақтаарал ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Н.Боранбаевтың 2015 жылғы 26 сәуірдегі № 2-1209-15-02736 наразылығына сәйкес Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мақтарал ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін бекіту туралы» Мақтарал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1274 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2904 тіркелген, 2014 жылғы 15 желтоқсанында «Мақтаарал» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжановқа жүктелсін.
Аудан әкімі С.Тұрбеков