Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1."Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3565 болып тіркелген, 2014 жылғы 1-7 желтоқсандағы № 44 "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
мәслихат хатшысы | Т. Аманғазы |