Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТI:
1. Аягөз ауданы әкімінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 1 "Аягөз ауданы бойынша сайлау учаскелерiн құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3412 тіркелген), Аягөз ауданы әкімінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "Аягөз ауданы әкімінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 1 "Аягөз ауданы бойынша сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3679 тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Байахметов |