Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 252 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3665 тіркелген, 2014 жылғы 1 қарашадағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) және 2015 жылғы 20 қазандағы № 307 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4115 тіркелген, 2015 жылғы 27 қазандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |