Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарын басшылыққа алып, ауыл округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы нормативтік сипатта қабылдаған № 2 шешімінің күшін жойып, карантин іс-шараларын тоқтату туралы Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 90 ұсынысына сәйкес Алғабас ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы, Алғабас ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 2 "Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылдық округі аумағында карантин белгілеу туралы" нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 09.02.2015 жылғы № 3810 санымен тіркелген, аудандық "Жайық таңы" газетінің 19.02.2015 жылғы № 8 (7075) санында жарияланған шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Алынған шешімнің көшірмесі БҚО Әділет Департаментіне және бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялануын өзіме қалдырамын.
Алғабас ауылдық округі әкімі | Е. Есбулсинов |