Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 206 "Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4035 тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Л. Жұбанышқалиева |