1. Аршалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40/10 шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 4742 тіркелген, 2015 жылғы 15 – 17 сәуірдегі № 17 "Аршалы айнасы", 2015 жылғы 15 – 17 сәуірдегі № 28 – 29) газеттерінде жарияланған).
2) "Аршалы аудандық мәслихаты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістесін бекіту туралы" 2015 жылғы 11 қарашадағы № 46/5 шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 27 қарашадағы № 5098 тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 51 "Аршалы айнасы", 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 96 "Вперед" газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | Е.Қазбеков |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ю.Сериков |