1. "Есіл ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекіту туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № а-3/114 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 11 сәуірінде №5287 болып тіркелген, "Жаңа Есіл" аудандық газетінде 2016 жылғы 18 сәуірде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
2. "Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қолданыстағы заңңамаға сәйкес қамтамасыз етсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б.Есжановқа жүктелсін.
4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қалжанов |