"Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 98 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 532 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 98 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10487 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 наурызда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін,
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                    Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2016 жылғы 30 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 26 мамыр

О признании утратившим силу приказа Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 98 "Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, необходимых для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 мая 2016 года № 532