1. Мәслихаттың 2015 жылғы 11 маусымдағы № 243 "Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4425 тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Ойыл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Мәслихаттың 2015 жылғы 9 қарашадағы № 268 "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4630 тіркелген, 2016 жылғы 4 қаңтарда "Ойыл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | Ж. Жақып |
Аудандық мәслихат хатшысы: | Б. Бисекенов |